Жаңалықтар | Новости

Қазақстанда екінші рет коронавирус жұқтыру жағдайлары болды ма?

Денсаулық сақтау министрлігіндегілер Қазақстанда коронавирусты қайта жұқтыру жағдайларына қатысты айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Денсаулық сақтау министрлігі өкілдері қатысқан ОКҚ-дағы онлайн брифингте журналистер Қазақстанда екінші рет коронавирус жұқтыру жағдайлары тіркелген-тіркелмегенін сұрады.

“Бүгінгі күнге дейін коронавирус инфекциясын қайта жұқтыру жағдайлары тіркелген жоқ”, – деді Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова.

Бұған дейін Қазақстанда COVID-19 жұқтырудың 14 пайыз өсімі тіркелгені хабарланған болатын. Сондай-ақ, 1 қыркүйектен бастап елімізде 250 мектеп оқушысы коронавирус жұқтырғаны белгілі болған.

Комментарий