Жаңалықтар | Новости

Нұр-Сұлтанда жүргізушілерді бақылайтын жаңа жүйе пайда болады

22 қазаннан бастап Нұр-Сұлтанда көліктердің дұрыс емес жерде тоқтауы және тоқтаған жерін автоматты түрде белгілейтін жаңа жүйе енгізіледі, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Көлік құралдарын тоқтату немесе тоқтап тұру ережелерін бұзу, сондай-ақ жол белгілерінің талаптарын сақтамау енді “Дозор-М” сертификатталған аппараттық-бағдарламалық кешендерімен автоматты режимде тіркелетіні айтылады. Олар мамандандырылған көлік құралдарымен жабдықталған дейді полициядағылар.

“Арнайы автокөліктердің қала көшелерімен жүріп-тұруы кезінде аталған кешен құқық бұзушылық жасаған көлік құралдарының нөмірлерін таниды және тіркейді, нақты орны мен уақытын анықтайды. Кейіннен бұзушылықтар туралы мәліметтер базаға келіп түседі, онда әкімшілік айыппұлдар жазылады”, – делінген хабарламада.

Жол белгілері мен жолдың жүру бөлігіндегі белгілерді елемей, талаптарды бұзғаны үшін 3 АЕК (8 334 теңге) мөлшерінде айыппұл салынатыны айтылады.

Ал тоқтап тұру ережелерін бұзу Кодекстің 597-бабы бойынша 5-тен 10 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл түрінде жауапкершілікті көздейді дейді полициядағылар.

Комментарий