Жаңалықтар | Новости

Алматыда әуежайға баратын жол жарты жылға жабылады

Алматыда әуежайға баратын жол жарты жылға жабылады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қала әкімдігінің мәліметінше, бұл жағдай Бұқтырма көшесінің Құлжа тасжолы қиылысындағы жол айрығының салынуымен байланысты.

“2020 жылғы 25 қазаннан бастап 2021 жылғы 1 маусымға дейін Бұқтырма көшесіндегі айналма жолдан әуежайға баратын жол жабылады. Қозғалыс Рысқұлов даңғылы, Шемякин және Майлин көшелерімен жүргізіледі”, – делінген қалалық әкімдік таратқан хабарламада.

Сондай-ақ, іргелес көшелердегі қозғалыс бұрынғы тәртіп бойынша қала береді.

Комментарий