Жаңалықтар | Новости

Алматыда локдаун енгізіле ме?

Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин Алматыда локдаун енгізіле ме деген сұраққа жауап берді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

“Локдаун бола ма деген сұрақ жиі қойылады. Қала билігі тарапынан бұл үшін қолдан келгеннің бәрі жасалып жатыр:  барлық жерде хабарландырулар бар, тексерулер жүргізіліп жатыр.

Қазір жасырын өткізіліп жатқан барлық іс-шара той ұйымдастырушыларының өздері үшін жаман болатынын ұмытпауымыз керек. Бұл шараны ұйымдастырушылар мен осы нысандардың иелері төлейтін айыппұлға қарағанда екі есе жаман”, – деді Бекшин.

Мұның алдында Бекшин алматылықтарға үндеу жасаған болатын. Соңғы мәліметтер бойынша, Алматыда коронавирус жұқтырғандар с аны 14 539-ға жетті, оның ішінде 14 156 адам сауығып кеткен. 275 адам қайтыс болған.

Комментарий