Бас тақырып | Тема дняҚоғам | Общество

Жақсы іс жалғасын тапты

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ЗАҢ ГАЗЕТІ» МЕН «ЮРИДИЧЕСКАЯ ГАЗЕТА» БАСЫЛЫМДАРЫ ДЕТЕКТИВ ЖАНРЫНДА ЖАЗЫЛҒАН ШЫҒАРМАЛАРҒА АРНАЛҒАН БАЙҚАУДЫ ҮШІНШІ ЖЫЛ ӨТКІЗГЕЛІ ОТЫР. ЖАҚСЫ ІСТІҢ ЖАЛҒАСЫН ТАПҚАНЫ ҚУАНЫШ.
Детектив жанрының атасы, жазушы Кемел Тоқаевтан кейін бұл жанрда қалам тербейтіндер сиреп кетті. Соған орай, арнайы байқау ұйымдастыру арқылы детектив жазуға деген ынтаны ояту басты мақсатымыз болған еді. Осыған дейін ұйымдастырылған екі байқау бастамамыздың орынды екенін, шытырман шығарма жазуға қабілетті жандардың аз еместігін көрсетті. Бұған дейінгі екі байқауға Алматы қалалық сотының ұжымы қолдау көрсеткен болатын.
БИЫЛҒЫ БАЙҚАУДЫҢ БАС ДЕМЕУШІСІ – КӘСІПКЕР, РУХАНИЯТ ЖАНАШЫРЫ БАҒДАТ МӘНІЗОРОВ. ІЗГІ ЭСТАФЕТАНЫ ЖАЛҒАСТЫРЫП, ҚАЛАМГЕРЛЕРДІ АЗ ДА БОЛСА ҚАРЖЫЛАЙ ЫНТАЛАНДЫРУҒА ҮЛЕС ҚОСҚАЛЫ ОТЫРҒАН БАҒДАТ САЙЛАНБАЙҰЛЫНА АЛҒЫСЫМЫЗ ШЕКСІЗ!
«Заң газетінің» байқауына детектив шығарма жазуға қабілетті жандардың бәрі қатыса алады. Үміткерлер шығармасын 30 қараша сағат 18.00-ге дейін zangazet@mail.ru эл.почтасына немесе Алматы қаласы, Досмұхамедұлы көшесі 68 б мекен-жайына «Байқауға!» деген белгімен жолдауы керек. Жүлдегерлерді марапаттау тәуелсіздік мерекесі қарсаңында өткізіледі.
ЖҮЛДЕ ҚОРЫ – 3 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ! БАС ЖҮЛДЕ – КЕМЕЛ ТОҚАЕВ
АТЫНДАҒЫ СЫЙЛЫҚТЫҢ ИЕГЕРІ 1 МЛН ТЕҢГЕНІ ҚАНЖЫҒАСЫНА БАЙЛАЙДЫ. АЛ, ӘРІПТЕСТЕР, БАЙҚАУҒА ҚАТЫСЫП, БАҚ СЫНАҢЫЗДАР!
Редакция

Комментарий