Қоғам | Общество

Мүгедектерге кресло-арбалар беру

Мүмкіндігі шектеулі азаматтар мүгедектер арбасына тапсырысты ХҚО арқылы бере алады. Ал біз бүгінгі #oqy&toqy айдарында оны жүзеге асыру жолын көрсететін боламыз.

🔑ХҚО арқылы:

📌ХҚО-ға кезекті алдын-ала брондаңыз;

📌Тіркеу бөліміне белгіленген уақыттан 20 минутқа ерте келіп, броныңызды растап, жеңілдік терезесіне талон алыңыз;

📌Операторға қажетті құжаттарды ұсыну арқылы қызметті 15 минутта рәсімдеңіз.

🔑Мобильді топты шақырту арқылы:

📌”1414″ бірыңғай байланыс орталығына мобильді топты үйге шақыртуға тапсырыс беру арқылы жүзеге асады. Сізбен ХҚО операторы байланысып, мән-жайды толық анықтайды және 10 күн ішінде сіздің мекенжайыңызға келіп, құжаттарды рәсімдейді.

🔑Сізге қажетті құжаттар:

📍Жеке басыңыздың куәлігі;

📍Егер сенімді өкіліңіз келген болса, оның сенімхаты (нотариалды растау қажет емес);

📍Медициналық оңалту бағдарламасы жөнінде анықтама;

📍Мүгедектігі жайлы куәлік;

📍Егер ҰОС ардагері немесе соған теңестірілген азамат болса, ол туралы куәлік;

📍Егер әрекетке қабілетсіз азамат болса, ХҚО-ға оның заңды өкілі құжат тапсыра алады.

🔑Қызмет көрсету уақыты:

Құжат тапсырған күнді есепке алмағанда, 10 жұмыс күні ішінде.

🔑Қызмет нәтижесі:

Ұялы телефоныңызға SMS хабарлама келген кезде мүгедектерге арналған арбаның берілуі жайлы шешімді ХҚО-дан аласыз.

☝️Ескерту, мүгедектерге арналған арба Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасынан беріледі.

Комментарий