Жаңалықтар | Новости

Қазақстанда қанша дәрігер жетіспейді?

Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығының бас директоры Қанат Төсекбаев Қазақстанда 4122 дәрігер жетіспейтінін айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

“2020 жылдың 15 шілдесіндегі жағдай бойынша дәрігер кадрларынан 5 201 адам тапшы, ең көбі Қостанай облысында жетіспейді – 624 штаттық бірлік. Жас мамандарды өңірлерге бөлгеннен кейін бұл мәселеде оң динамика байқалады: 10 қыркүйектегі жағдай бойынша республикада кадр тапшылығы 1079 бірлікке азайды”, – деді Төсекбаев ОКҚ онлайн-брифингінде.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта 4 122 дәрігер жетіспейді. Елдегі орта медициналық персонал бойынша тапшылық – 8 583.

Мына мамандықтарда дәрігерлер өте аз және жетіспейді:

– анестезиолог-реаниматологтар – 393 штаттық бірлік;

– терапевтер – 346,75 штаттық бірлік;

– ЖПД – 319,5 штаттық бірлік;

– дәрігер-зертханашылар – 226 штаттық бірлік;

– психиатрлар – 213 штаттық бірлік;

– акушер-гинекологтар – 203,5 штаттық бірлік;

– педиатрлар – 202,75 штаттық бірлік;

– инфекционистер – 121,5 штаттық бірлік;

– эпидемиологтар -102,5 штаттық бірлік;

– неонатологтар – 85,25 штаттық бірлік.

Комментарий