Жаңалықтар | Новости

Алматыдағы ең тапшы мамандықтар аталды

Алматыдағы ең тапшы мамандықтар аталды. Қаланы дамыту орталығы қаланы цифрландыру басқармасымен бірлесіп, халықтың жұмыспен қамтылуына талдау жүргізді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2020 жылдың үшінші тоқсанында Алматыдағы ең тапшы мамандықтар күзетші (702 бос орын), әлеуметтік қызметкер (629 бос орын) және дәнекерлеуші (567 бос орын) болды.

Бұл ретте мамандар саны артық деп есептелгендер – жалпы хирург дәрігер (64 түйіндеме), терапевт дәрігер (63 түйіндеме) және шет тілі мұғалімі (58 түйіндеме).
“Жалпы осы кезеңде www.enbek.kz электрондық еңбек биржасында Алматы бойынша білікті еңбек бөлігінде 19,3 мың бос жұмыс орны орналастырылды, оның ішінде өнеркәсіп, құрылыс, көлік және басқа да ұқсас жұмыс орындары үшін бес мың бос жұмыс орны, кәсіби мамандар үшін 4,3 мың жұмыс, әкімшілік саласындағы қызметкерлер үшін үш мыңнан аса бос жұмыс орны бар”, – делінген хабарламада.

Комментарий