Оңтүстік астананың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин Алматыдағы карантин туралы қаулыға қол қойды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қаулыға сәйкес мынадай шаралар сақталады:
– Караоке, түнгі клубтар, кинотеатрлар, фудкорт және т. б. жұмыс істемейді
– Бизнесмендер қызметкерлердің 30 пайызын қашықтан жұмыс істеуге ауыстыруы керек
– Жолаушылар ағынын азайту мақсатында қоғамдық көліктің барынша көп шығуын қамтамасыз ету қажет
– Аудан әкімдері мониторинг топтарының жұмысын жандандыруы тиіс
– Кіреберістер мен балалар алаңдарын аптасына бір рет дезинфекциялау
Құжатпен толығырақ мына жерде танысып шыға аласыздар.
Комментарий