Қоғам | Общество

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАНЫҢ ЖАҒДАЙЫ МҮШКІЛ

«МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ КӨРКЕМ ЖӘНЕ ЭСТЕТИКАЛЫҚ ГИМНАСТИКА ФЕДЕРАЦИЯСЫ» ҚБ 2016 ЖЫЛЫ 22 ТАМЫЗДА АШЫЛЫП, 2017 ЖЫЛДЫҢ 24 ШІЛДЕСІНДЕ АККРЕДИТАЦИЯДАН ӨТТІ. БІЗГЕ ДЕЙІН МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНДА 2015 ЖЫЛЫ «МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ КӨРКЕМ ГИМНАСТИКА ФЕДЕРАЦИЯСЫ» ҚБ БОЛҒАН. АЛАЙДА, ОЛ ФЕДЕРАЦИЯ АККРЕДИТТЕЛГЕН СПОРТ ФЕДЕРАЦИЯСЫ АТҚАРУҒА ТИІСТІ МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІ ЖАСАМАДЫ. ЯҒНИ, АШЫЛҒАН КЕЗДЕН БАСТАП СПОРТ ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША КЕШЕНДІ НЫСАНАЛЫ БАҒДАРЛАМАДА ҚАРАСТЫРЫЛҒАН ІС ШАРАЛАР ОРЫНДАЛМАДЫ; МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫН ӨТКІЗБЕДІ; МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ҚҰРАМА КОМАНДАЛАРЫ ЖАСАҚТАЛМАДЫ; КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАР ЖАСАЛЫНЫП, ҚҰЗЫРЛЫ ОРГАНДАРМЕН БЕКІТІЛМЕДІ.
Көркем гимнастиканың облысымызда жағдайы мүшкіл десе болады. Сондықтан «Маңғыстау облысының көркем және эстетикалық гимнастика федерациясы» ҚБ президенті Б.Төлегенова мен «Маңғыстау облысының көркем гимнастика федерациясы» ҚБ атқарушы директоры А.Естурлиева бірлесіп, құрылтайшылармен біріккен жиналыс өткізіп, екі федерация меморандумға отырған болатын. Меморандум шарты бойынша екі ай ішінде «Маңғыстау облысының көркем гимнастика федерациясы» ҚБ құқы біздің федерацияға өтуі керек еді. Оның үстіне «Маңғыстау облысының көркем гимнастика федерациясы» ҚБ осы меморандум негізінде барлық облыс деңгейіндегі жарыстарды ұйымдастырудан және қаржыландырудан бас тартты (хат пен меморандум көшірмесі тіркелді). Осы меморандум негізінде біз Маңғыстау облысының көркем гимнастикасының дамуын өз қолымыға алдық. Ең алдымен кешенді жоспар жасалды және Қазақстан Республикасының мемлекеттік
жаттықтырушысы Е.Панченко Маңғыстауға шеберлік сағатын көрсетуге шақырылды. Екатерина Ивановна шеберлік сағатын көрсетіп қойған жоқ, спортшылар деңгейін көрді, үміт күтуге болатын қыздарды көрсетті, жаттықтырушылар мен федерация басшылығымен жиналыс өткізіп бағыт бағдар берді. Біз өңіріміздегі көркем гимнастиканы дамыту мақсатында республикалық кеңейтілген отырысқа қатысып, Маңғыстауда республикалық жарыс өткізуді өтіндік. Өтінішіміз қабылданып Қазақстан Республикасының бір кезеңі және халықаралық «Шағала» атты жарыс өткізуге шешім қабылданды.
Сонымен қатар 2017 жылдан бастап біз мемлекеттік құзырлы мекемелермен бірлесе отырып жыл сайын Маңғыстау облысының чемпионатын, Ақтау қаласы әкімінің Кубогын, Жаңаөзен қаласы әкімінің Кубогын, Мұнайлы ауданы әкімінің Кубогын, Мұнайлы ауданының ашық бірінішілігін, Жаңаөзен қаласының ашық біріншілігін, Қазақстан Республикасының Кубогын, «Шағала» халықаралық жарысын өткізіп келеміз. 2017 жылдың ақпан айынан бастап өткізілген барлық шаралардың ұйымдастыру жұмысы (банер шығару, залды безендіру, жарыстар кезінде залды арендаға алу), марапаттау рәсімі «Маңғыстау облысының көркем және эстетикалык гимнастика федерациясы» ҚБ қаржыландыруымен өткізілгенін атап айтқым келеді. Маңғыстау облысының чемпионаты мен Ақтау қаласының Кубогы нәтижесіне сүйене отырып, Маңғыстау облысының құрама командасы жасақталды. Спортшылар мен жаттықтырушылардың шеберлігін шыңдау бағытында да бірталай тындырымды жұмыстар атқарылды. Жаттықтырушы, төрешілер бапкерлер курстарына жіберілді. Әлемге белгілі төреші, спортшылар шақырылып, жастардың тәжірибе алмасуына мүмкіндік берілді. Өңірлерде үйірме, секциялар ашылып, шыңдалған спортшыларымыз республикалық, әлемдік додаларда бақ сынады. Нәтиже де жаман емес. Қазақстан Республикасының чемпионаты мен Кубогында үздік ондыққа еніп, 2020 жылы күміс жүлдегер атандық. Осы атқарылған шаралар мен жеткен жетістіктерге қарамастан, Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшылығы екі федерацияға қатысты бір шешімге келе алмай отыр. 2020 жылдың наурыз айынан бері екі комиссия отырысы, екі федерацияның бірлескен бір отырысы өтті. Оған «Республикалық гимнастика федерациясы» ҚБ вице-президенті М.Бектұрғанова ханым шақырылып, өз пікірін білдірді. Десе де, құзырлы мекеме тарапынан жазбаша бірде-бір шешім жоқ. Алайда, қазірдің өзінде келеңсіз жағдайлар орын алып жатыр. Мысалы, Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы осы күнге дейін «Республикалық гимнастика федерациясы» ҚБ берген хат негізінде тек біздің ғана федерациямен жұмыс жасап келсе, енді екінші беймәлім, тамыз айында бекітілген күнтізбе пайда болғанын біліп отырмыз. Күнтізбе жыл аяғында жаттықтырушылар кеңесінде қаралып, құзырлы мекемемен
бекітіледі. Осыған дейін өткен үш отырыста бұл күнтізбе болмаған, сондықтан қазір, кейінгі уақытпен жасалған деген күмәніміз бар. Ал «Маңғыстау облысының көркем гимнастика федерациясы» ҚБ қандай жетістікке жетті, қандай шараларға мұрындық болды, өңіріміздің қай жерлерін қамтып отыр, үнемі айғай-шусыз іс жасамайтын федерацияны қолдаудағы мақсат не, мамандарының білімі қандай деген сұрақтар басы ашық күйінде қалып отыр. Осыған орай екі федерация атқарған жұмыстарға талдау жасалып, әділдік орнаса деген тілегіміз бар.
Г.АКДЖИГИТОВА,
«Маңғыстау облысының көркем және эстетикалық
гимнастика федерациясы» ҚБ директоры

Комментарий