Жаңалықтар | Новости

Египетке барып, ең қымбат нөмір алсам да, көңілім толмайды – Сәдуақасова

Әнші Мадина Сәдуақасова мұңға толы жазбасымен оқырмандарын тағы да алаңдатты, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желіде қызу талқының астында қалған әншінің жазбасы оқырмандарының көңілін түсірсе, бірі әншіге ұрсып әлек.

«Шекара асып Египетке барып, Қызыл теңіздің су астындағы әлемін көрдім, көлігімді ауыстырдым , шашымды қиіп , басқа түске бояп тастадым, фотосессиялар жасадым, туған жеріме Қызылордама да барып қайттым. Бірақ, сонда да біртүрлі, ішкі жан дүнием толыңқырамай, бірдеңе жетіспей тұрған сияқты? Өзім түсінбей жатырмын» , – деп жазды Мадина Сәдуақасова.

Естеріңізде болса, Сәдуақасова тәртіп сақшыларының қолына түсіп, үлкен сомадағы айыппұл төлеген болатын. Оқырмандарының басым көпшілігі «күйеуімен ажырасып кеткен соң осындай жазбалар жазып жүр» деген пікірлер де қалдыруда.

Комментарий