Елең еткізер | АктуальноЖаңалықтар | Новости

Алимент төлемегендерге қандай жаза қолданылады?

Туыстарына қатысты алимент төлеу – азаматтың міндеті, ол заңмен бақыланады және оны сот тағайындайды, – деп жазады nur.kz.

Алимент төлеу – бұл туыстарының біріне материалдық көмек көрсетуге бағытталған шара. Әдетте, алимент төлемі кәмелетке толмаған балаларды асырауды білдіреді. Бірақ іс жүзінде басқа туыстар бір-бірінен алимент алуға жүгіне алады.

Алимент төлеушілердің санаттары

Егер ақшалай көмек қажет болса, алимент тағайындауға төмендегілер жүгіне алады:

  • 21 жасқа толғанға дейін балалар ата-аналарынан;
  • ата-ана – баладан, өйткені бала ата-анасын бағуға міндетті;
  • еңбекке жарамсыз жағдайында ерлі-зайыптылардың бірі (оның ішінде бұрынғы ерлі-зайыптылар) екіншісіне;
  • жүктілік немесе кәмелетке толмаған балаларды асырау;
  • мүмкіндіні шектеулі балалар (I-II дәрежелі); туыстардың басқа санаттары.

Материалдық қолдау мәселесін келіссөз арқылы шешуге болады. Талап қоюшы тарап сотқа заңды қолдау төлемдерін алу туралы өтініш береді. Сот шешімін немесе келісімдерді орындамау алимент төлеуші үшін экономикалық және басқа зардаптарға әкеп соғады.

Экономикалық әсер Алимент төлеуден себепсіз бас тартқан жағдайда, сот борышкер үшін жазаның кейбір түрлерін белгілей алады.

Сонымен егер алимент төлеуші жұмыс орнын ауыстырса немесе көшіп кетсе, бірақ бұл туралы сот орындаушысына хабарламаса, онда 10 АЕК немесе 27 780 теңге айыппұл салынады. Бұл кезеңде борышкерге шараларды қабылдауға және туысқандарын материалдық қолдау бойынша міндеттемелерді орындауды жалғастыруға мүмкіндік бар. Егер алимент үш ай ішінде төленбесе, онда сот орындаушылары мәжбүрлеп өндіріп алу процесін бастайды.

Бұл “Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы” Заңның 99-бабында көрсетілген. Қарыз мөлшері төлеушінің жалақысына сәйкес тағайындалады. Бұл жағдайда қолданыстағы қарыз сомасына айыппұл салынады. Ақмола облысындағы жеке сот орындаушыларының аймақтық палатасының есебіне сәйкес, қарыз сомасы ірі болса, тіпті жылжымайтын мүлік те тәркіленеді.

Мәселен өңірде алимент бойынша 10 жылдық қарызы бар азаматтың пәтері тәркіленіп алынып, мәбүрлі түрде 3 660 950 теңгеге сатылған. Бұл ретте борышкердің алимент бойынша қарыз 4 миллион теңгеден асып кеткен. Айта кетейік, жалтару жағдайында алимент төлеушіге қылмыстық жаза қолданылады. Демек, оған үш жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалуы мүмкін немесе үкімді Қылмыстық кодекстің 139-бабына сәйкес 600 сағаттық қоғамдық жұмыстарға ауыстыруға болады. Бұл жағдайда алимент бойынша қарызды төлеу үшін борышкердің мүлкі сатылады. Яғни, қылмыстық жаза алимент төлемдерін төлеу міндеттерінің бірін жеңілдетпейді. Өтемақы қалай есептеледі Алимент төлеушінің түрлі себептермен ресми кірісі болмауы мүмкін. Бірақ бұл жағдайда да ол міндетінен босатылмайды.

Кіріс болмаған жағдайда сот орындаушылары қарызды соңғы алған жалақыларының мөлшеріне бағдарлай отырып есептейді.

Ал егер мұндай ақпарат болмаса, онда есеп айырысу бірлігі ретінде елдегі орташа жалақы алынады. Ал ол шамамен 200 мың теңге.

Комментарий