Жаңалықтар | Новости

COVID-19: Ресейлік ғалымдар жаңа дәрі шығарды

Ресейлік ғалымдар коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастарды емдейтін жаңа дәрі шығарды, – деп хабарлайды Интерфакс Федералды медико-биологиялық агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Препарат вирус геномындағы ерекше бөліктерге әсер етеді және оның жасушаларда көбеюі бәсеңдейді.

“Бұл принциппен істейтін дәрілер – коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастарды емдеудің тиімді құралы”, – деді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Медикаменттер гендердің бірізді өзгеруіне әкеп соғады. Ведомствоның мәліметінше, дәрі адам ағзасына түскеннен кейін ешқандай кері әсері жоқ.

Комментарий