Қоғам | Общество

eGov.kz порталында трансплантация бойынша онлайн қызмет қол жетімді

⚕️eGov.kz порталында трансплантация үшін тіндерді немесе мүшелерді сыйға тартуға келісім беру немесе бас тарту бойынша онлайн қызмет қол жетімді.

📢Қызметті алу үшін «электрондық үкімет» порталында, «Денсаулық сақтау» бөлімінде авторлану қажет, «Транспланттау мақсатында қайтыс болғаннан кейін оның тіндерін (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларын (ағзалардың бөлігін) алу мүмкіндігі туралы көзі тірісінде ерікті түрде қайырмалдыққа келісімді немесе келісімді қайтарып алуды тіркеу» қызметін таңдау қажет. Бұдан әрі Пайдаланушы өтініш түрін таңдайды: «Келісімді қайтарып алуды тіркеу» немесе «Келісімді тіркеу».

💡Келісімді тіркеген жағдайда, пайдаланушылардың транспланттау мақсатында белгілі бір органдарды таңдау мүмкіндігі бар, олар eGov.kz порталы арқылы өтінім берген кезде көрсетіледі.

Комментарий