Елең еткізер | АктуальноЖаңалықтар | Новости

БЖЗҚ қызметін қалай онлайн алуға болады?

БЖЗҚ салымшылары электрон сервистердің көмегімен қызметтердің 90 пайыздан аса түрін ала алады. Үйден немесе кеңседен, қордың бөлімшесіне бармай-ақ Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қандай қызметін онлайн алуға болады?, – деп жазады Tengrinews.kz. 

Қазіргі таңда БЖЗҚ электрон қызметтерінің мына түрін ұсынады:

  • ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасу (өз пайдасына);
  • реквизиттерге, оның ішінде ақпарат беру тәсіліне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу;
  • жеке зейнетақы шотынан (ЖЗШ) көшірмені қарау;
  • жеке зейнетақы шотынан (ЖЗШ) көшірмені электрон мекенжайға алу;
  • жеке зейнетақы шоты (ЖЗШ) бар екені туралы анықтама алу;
  • ЖЗШ ашу туралы өтінішті / зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты жаңа редакцияда алу (“дубликат”);
  • Бірінші немесе екінші топтағы мүгедектіктің белгіленуіне байланысты зейнетақы төлемдерін мерзімсіз тағайындау туралы өтініш беру;
  • төлемге және (немесе) көшуге өтініштің мәртебесін бақылау;
  • зейнетақы калькуляторының көмегімен шамамен қанша зейнетақы алатыныңызды есептеу және т.б.

Сайт немесе қосымша

Онлайн-қызметтерді пайдалану үшін enpf.kz қор сайтында тіркелу жеткілікті немесе ENPF ұялы қосымшасын жүктеп алыңыз. Оны қазақ және орыс тілдерінде GooglePlay, AppStore және Huawei AppGallery сервистерінен жүктей аласыз.

Компьютер, ноутбук, смартфон немесе планшет арқылы бірнеше басып, өзіңіздің жеке зейнетақы шотыңыздағы соманы көре аласыз. Сондай-ақ, толық көшірмені алып, зейнетақы калькуляторын пайдаланып, болашақ зейнетақыңызды есептей аласыз.

Бұл қызметтерге қол жеткізу үшін электрон цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) немесе логин (ЖСН ретінде пайдаланылады) және құпиясөз керек. Логин мен құпиясөз тіркелуі тиіс. Ол үшін интернет хабарландыруды таңдау қажет (ақпарат алу тәсілін enpf.kz сайтындағы жеке кабинеттен өзгертуге болады. Ол үшін электронды цифрлық қолтаңбаны пайдалана аласыз немесе жеке куәлігіңізбен БЖЗҚ кеңсесіне барасыз).

Telegram-bot

Қызметтердің бір бөлігін Telegram-дағы арнайы боттың көмегімен алуға болады. Онда бастапқы кеңесті қоса алғанда, көптеген функция бар. Бұдан басқа, тікелей смартфоннан шағын көшірме алуға, жеке кабинеттен құпиясөзді қалпына келтіруге, БЖЗҚ-ның өзекті жаңалықтарымен және көрсеткіштерімен танысуға, әрі қордың жақын маңдағы бөлімшесін табуға болады.

Қор қызметтерін пайдалана отырып, сіз валюталардың бағамымен таныса аласыз. Сонымен қатар, жол ережесін бұзсаңыз, айыппұлдың бар-жоғын тексере аласыз және т.б.

Көшірмені тікелей ботта алу үшін сізге интернет ақпараттандыру туралы келісімге қол қою қажет. Ол үшін Telegram-дағы “оператормен байланыс” функциясын пайдалана аласыз.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2020 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша өз салымшыларына 11,8 миллион қызмет көрсеткен. Ал онлайн форматта 10,9 миллион операция жасалған.

БЖЗҚ-ның кейбір қызметін “Қазпошта” АҚ ұлттық пошта операторының 300 бөлімшесінен де алуға болады.

БЖЗҚ салымшылары мен алушылары call-орталықтың 1418 нөміріне (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін) хабарласа алады немесе enpf.kz сайтынан кеңес алуға мүмкіндігі бар.

Сондай-ақ, WhatsApp чат-боты арқылы, 7 777 000 14 18 Viber нөмірі бойынша, Facebook, Instagram, “ВКонтакте”, Twitter, Telegram, “Одноклассники” әлеуметтік желілеріндегі БЖЗҚ ресми парақшаларын пайдалануға болады.

Комментарий