Оралдағы № 6 орта мектептегі кезекші сынып бір оқушыдан коронавирус анықталғаннан кейін карантинге жабылды, – деп хабарлайды Uralskweek.kz.
Оқушылардың бірінің анасының айтуынша, сыныптың жабылғаны туралы қаулы шыққан, алайда ол жарияланбаған.
“Оқушы бұған дейін науқаспен (атасымен) байланыста болғандықтан тексерілді. Бүгінде ол үйде, ауру ешқандай белгісіз өтіп жатыр. Мектепте Оралдың бас санитар дәрігерінің 8 қазандағы қаулысына сәйкес толық дезинфекция жүргізілді. Сыныпты 9 қазаннан бастап карантинге жапты. Баламен байланыста болған барлық адам, 14 оқушы мен екі мұғалім тексерілді, барлығының нәтижесі теріс шықты”, – дейді ведомство өкілдері.
Комментарий