Қоғам | Общество

Халық ең көп қолданатын танымал қызметтер

Достар! Бүгіннен бастап біз сіздерге облыс бойынша азаматтар ең көп қолданатын танымал қызметтер жайында мәліметтермен бөлісетін боламыз!

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, қызылордалықтар арасында онлайн түрде электронды үкімет порталы арқылы алынатын, ең көп тараған қызмет — электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) алу. Тек осы жылдың өзінен басынан бастап ХҚКО арқылы қала бойынша 7️⃣1️⃣ 3️⃣4️⃣3️⃣, аудан бойынша 1️⃣3️⃣1️⃣ 1️⃣5️⃣9️⃣ ЭЦҚ берілген. Жалпы, облыс бойынша 2️⃣0️⃣2️⃣ 5️⃣0️⃣2️⃣ Электронды цифрлы қолтаңба (ЭЦҚ) алынған.

Қызылорда облысы тұрғындарының жалпы саны 780 мыңға жуық адамды құрайтынын ескере отырып, ЭЦҚ алу бүгінгі таңда ең танымал ғана емес, сондай — ақ сұранысқа ие қызметке айналды деп айтуға болады!

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі таңда ЭЦҚ алу бұрыңғы кезге қарағанда әлдеқайда ыңғайлы болды. Енді электрондық үкімет порталындағы «ЭЦҚ-ны қашықтықтан алу» сервисін пайдалану арқылы небәрі 5 минуттың ішінде ЭЦҚ алуға болады.

Комментарий