Жаңалықтар | Новости

Алмазбек Атамбаев тергеу изоляторында отыр

Сот Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев үшін бұлтартпау шарасын әлі таңдамады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg басылымына сілтеме жасап.

Экс-президенттің қорғаушысының айтуынша, Алмазбек Атамбаев ұстау мерзімінің өткеніне қарамастан, Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің тергеу изоляторында отыр.

“Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетіндегілердің айтуынша, Атамбаев жаппай тәртіпсіздікке кінәлі деп танылған, бірақ ешқандай ресми құжат бермеген. Ұстаудың 48 сағаты өтіп кетті, бірақ оған бұлтартпау шарасы таңдалмады. Бұрынғы президентті неге қамауда ұстап отырғаны түсініксіз”, – деді Замир Жоошев.

Еске салайық, Бішкекте Ала-Тоо алаңында 9 қазанда өткен жаппай тәртіпсіздіктен кейін Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті экс-президент Алмазбек Атамбаевты ұстаған болатын. Оған жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды деген айып тағылған еді.

Комментарий