Жаңалықтар | Новости

Тәжікстанда президент сайлауы басталды

Тәжікстанда президент сайлауы басталды, – деп хабарлайды РИА Новости.

68 округтік сайлау комиссиясы мен 3414 сайлау учаскесі ашылды. Елден тыс жерлерде 39 сайлау учаскесі жұмыс істейді. 4,9 миллион сайлаушы тіркелген, бюллетеньдер төрт тілде басылып шыққан: тәжік, өзбек, орыс және қырғыз.

Сайлауға бес кандидат қатысып отыр, олардың барлығы саяси күштердің жетекшілері: қазіргі президент Эмомали Рахмон (Халықтық-демократиялық партияның басқарушысы), депутат Миродж Абдуллоев (Коммунистік партия), депутат Рустам Латифзода (аграрлық партия), депутат Рустам Рахматзода (Экономикалық реформа партиясы) және депутат Абдухалим Гаффорзода (Социалистік партия).

Елді 1992 жылдан бері басқарған Рахмон үшін (посткеңестік кеңістіктегі ең ұзақ) бұл бесінші сайлау.

Комментарий