Жаңалықтар | Новости

Сооронбай Жээнбеков өкілеттігін доғарса, оның орнын кім басады?

Сооронбай Жээнбеков президенттік өкілеттігін тоқтатса, оның орнын Қырғызстан парламенті сайлаған премьер-министр Садыр Жапаров отыруы мүмкін. Рәсімді “Әділет” құқықтық клиникасының басшысы Чолпон Жақыпова түсіндірді, – деп хабарлайды 24.kg.

Оның айтуынша, конституция бойынша президент өз өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатқан жағдайда билік Жогорку Кенеш төрағасына (спикерге) өтеді. “Бірақ төраға қазір жоқ. Мирлан Бакиров вице-спикер. Оны ешкім спикер етіп сайлаған жоқ. Негізгі заңға сәйкес, президент отставкаға кеткенге дейін парламент төрағасы анықтамаса, онда Садыр Жапаров премьер-министр ретінде мемлекет басшысының міндетін атқарады”, – деп түсіндірді Чолпон Жақыпова.

Еске салайық, жақында бостандыққа шыққан оппозиционер Садыр Жапаров Қырғызстанның премьер-министрі болып тағайындалды, ол алдағы жағдай үшін барлық жауапкершілікті өз мойнына алуға дайын екенін мәлімдеді.

Комментарий