12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Медиация қызметіне сұраныс артып келеді

Медиация азаматтық және қылмыстық процесстерде дауды шешудің баламалы тәсілі. Соңғы кездері елімізде медиаторлардың көмегіне жүгінушілердің саны күн санап артып келеді. Демек қоғамымыз да медиацияның пайдалы екенін түсінуде. Медиация ұғымын таратып айтар болсақ, біздің елімізге оның қызметі жат емес.

Себебі аты медиация болмағанымен заты ұқсас Қазақстандағы билер, ақсақалдар институты да сан ғасырлар бойы қоғамдағы дау-дамай мен келіспеушіліктерді шешіп келді. Тарихқа көз жүгіртсек, әр ауылдың аузы дуалы, күрмеулі мәселенің шешімін ұсынатын, қара қылды қақ жарған тұлғалары болған. Адамдар қандай да бір келіспеушілік туындаған кезде аталған тұлғаларға барып, төрелігін айтуды сұраған. Сондықтан елімізде медиация институтын дамыту үрдісінің тарихи негізі бар деуге болады. Ұлттық ұстанымымызға сай медиация институтын дамыту уақыт сұранысы болып отыр. Бұрыннан салтымызда бар дәстүрдің жақсы сіңісіп кеткенінің де бір себебі де осы болса керек.

Медиация қызметінің тағы бір гуманды тұсына келсек – сот процесі нәтижесінде соттың шешімі шығып, ол міндетті орындалуға жатады. Бұл екі тараптың алдағы уақытта өзара наразы болып қала беруіне жол ашуы ықтимал. Сондықтан сот шешімінің авторитарлы екендігіне қатысты баға беру жиі байқалады. Ал медиатор дауласушы тарапты ортақ мәмілеге келтіре алмаса, онда сот арқылы істі одан әрі жалғастыруға мүмкіндік бар екенін де айта кеткен жөн. Сондықтан мүмкіндігінше сотқа дейін медиация қызметіне жүгініп, ортақ аралық іздеудің маңызы зор.

Медиаторлардың жасайтын мәмілесі екі тараптың да ортақ келісімге келуіне негізделген. Бұл ретте, дауласушы тараптардың алдағы уақытта бір-біріне наразы емес, жылы қатынаста болуы жиі кездеседі. Осы тұрғыдан алғанда медиация институтының қоғамдық қатынастардың жақсаруына оң ықпалы аз емес. Осыған байланысты әлемдік практикада ірі компаниялар тұтынушылармен арада пайда болған дау-дамай кезінде медиаторлардың көмегіне жиі жүгінеді. Өйткені оларда алдағы уақытта да тұтынушымен жылы қарым-қатынасты сақтап қалу маңызды. Алдағы уақытта біздің елімізде де медиация осылайша көптің қалауына айналарына сенім мол!

Медиация бір жағынан сот жұ­мы­сын жеңілдету құралы. «Ме­диа­ция туралы» заң қабылдау аза­мат­тарға мәселені шешу жолын таңд­ау еркіндігін, адам құқықтарын қор­ғау­дың жаңа мүмкіндігін қол­дану, азаматтық қатынастың заманауи фор­масын қалыптастыру, мәсе­лерді конструктивті диалог ар­қылы шешу сияқты зайырлы қоғам­ға тән мүмкіндіктер берді. Қар­жы үнем­деуді былай қойғанда, медиа­тор­дың көмегімен мәселені бірнеше сағатта шешуге болады. Бұл уақыт үнем­деудің де тәсілі. Сонымен кон­сенсуске келу арқылы тараптар арасындағы қарым-қатынасты сақ­тап қалу ықтималдығы жоғары. Кө­ріп отырғанымыздай, медиация инс­титуты – азаматтық қоғам қалып­тас­тыру­дың, дамуының белгісі. Себебі мә­селені сотқа же­т­кіз­бей шеше алу – адам құнды­лық­тары мен көзқарасын жаңа деңгейге көтерілгенінің айқын көрінісі. Сондықтан алдағы уақытта медиация қызметі жандана түсетінін сеземіз!

 

Сериков Ержан, Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының бас маманы-сот мәжіліснің хатшысы

Особенности раздела имущества супругов

Гражданским процессуальным кодексом определены процессуальные вопросы разрешения гражданских споров....

Балаға қай тілде білім берсең, түбі сол ұлтқа қызмет етеді

Ұлтты өзгелерден даралайтын – тарихы мен тілі, салт-дәстүрі мен...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес — баршамызға ортақ іс

Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып...

Гендерлік теңдік- тұрақтылыққа тірек

Соңғы жылдары елімізде гендерлік теңдік мәселесі жиі қозғалып жүр....

Баланың тағдыры елеусіз қалмауы керек

«Бала – біздің болашағымыз!». Баланың жарқын болашағы толығымен оның...