Жаңалықтар | Новости

ПТР-тестілеудің құны арзандай ма?

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов ПТР-тестілеудің құнын төмендетуге қатысты пікір білдірді, – деп жазады nege.kz

Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ПТР-тестілердің құнын төмендетуге қатысты Президент тапсырмасының орындалуы турасында сұрақ қойылды.

«Мемлекет басшысы тиісті тапсырманы берді. Бұл міндет тек Денсаулық сақтау министрлігіне ғана емес, сонымен қатар барша Үкіметке жүктелді. Атап айтқанда, бұл мәселе жалғыз денсаулық сақтау жүйесінің мүмкіндігімен шешуге келмейді», – деді Б. Қожахметов.

Сонымен қатар, Президенттің тапсырмасы орындалатынын атап өтті.

«Әрине, Мемлекет басшысының тапсырамасы орындалады. Менің ойымша, келесі баспасөз мәслихатында осы мәселені шешу үшін қабылданған шаралар туралы хабарлаймыз», – деді ресми өкіл.

Комментарий