Жаңалықтар | Новости

Нұр-Сұлтанда 4 қазанда автобустар жүрмейді

4 қазан, жексенбіде елордада жолаушылар тасымалдайтын автобустардың қозғалысы бір күнге уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды zakon.kz.

– Өйткені қалада залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі, – деп хабарлайды елорда әкімдігі.

Сенбі күні қоғамдық көліктер, әдеттегідей режимде жұмыс істейді.

Қала және қала маңындағы маршруттар дүйсенбіден бастап, яғни 5-қазанда қайта рейске шығады.

Автобусқа маскасыз кіруге тыйым салынады, жол ақысы көлік карталары, SMS, QR-код, сондай-ақ мобильді қосымшалар арқылы төленеді.

Комментарий