Аймақтар | РегионыЖаңалықтар | Новости

Ұлы ақынның мұрасы

2020 жылдың 30 қыркүйегінде Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық  мақаласын  насихаттау  мақсатында, «Ұлы даланың ұлы есімдері» арнайы жобасы бойынша, «Прагматизм, білім культі, бәсекеге қабілеттілік, сананың ашықтығы» бағытының  «Тұлғаны дамыту» бөлімі бойынша «Текелі қаласы әкімдігінің қалалық кітапханасы» КММ  әлеуметтік желілерінде ұлы  қазақ ақыны Абай  Құнанбаевтың 175  жылдығына  арналған  «Ұлы ақын мұралары» атты мерейтойлық кеш шарасын өткізді. .

Тыңдаушылар Абайдың туған әдебиетін дамытудың жаңа жолдарын ашқан ұлы қазақ ақыны екенін біледі. Оның шығармашылығы қазақ халқының рухани, шығармашылық күштерінің, даналығының, еркіндіктің, патриотизмнің көрінісі болды. Абай шығармашылығымен қазақ әдебиетіндегі реализмнің орнығуы, қазақ әдеби тілінің құрылуы байланысты. Абай Құнанбаевтың жемісті ықпалы қазақ мәдениеті мен өнерінің барлық салаларына әсер етті.

Осы іс-шараны өткізу барысында Абай қазақ әдебиеті тарихында қазақ өлеңін жаңа өлшеммен және рифммен байытып, жалпы алғанда 56 шетелдік мәтінді аударғаны, сондай-ақ кейінгі жылдары халық әндеріне айналған шығармаларының бір бөлігі үшін музыка жазғаны туралы әңгіме болды.

Осы іс-шараны өткізу кезінде Абай Құнанбайұлының қазақтың ұлы ақыны және философы ретінде танымал екендігіне баса назар аударылды. Бұл адам қазақ поэзиясының, философиясының және тіпті музыкасының дамуына зор үлес қосты. Оны орыс және еуропалық мәдениеттермен жақындасуға ықпал еткен (мысалы, Пушкин, Лермонтов, Крылов, Гете және Байрон шығармаларын қазақ тіліне аударған), сондай-ақ қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы болған мағынада ағартушы деп атауға болады.

Сонымен қатар, осы іс-шара барысында «Әлем таныған ұлы Абай»атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Мерейтойлық кештің мақсаты – қазақтың ұлы ақыны, философ Абай Құнанбаевтың  әдеби мұрасын сақтау және насихаттау. Көркемдік талғамның қалыптастыру, классикалық бағытта эстетикалық көріністерін дамыту. Қазақстандық патриотизмді, көркем сөзге деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу. Ақынның даналығы мен рухани мұрасын насихаттау. Патриоттық сезімді, өз халқының тарихына қатыстылықты қалыптастыру, көркемдік талғамға тәрбиелеу және отандық мәдениет пен өнердің үздік үлгілеріне баулу.

Комментарий