Жаңалықтар | Новости

Пандемияға байланысты мұнай арзандап жатыр

Әлемдік мұнай бағасы 4 пайызға дейін төмендеді, – деп хабарлайды РИА Новости.

Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 23.35-тегі жағдай бойынша Brent маркалы солтүстік теңіз мұнай қоспасының желтоқсандағы бағасы барреліне 41,2 долларға дейін, ал қарашадағы бағасы 40,7 долларға дейін төмендеген. Осылайша, сарапшылардың айтуынша, мұнай 4 пайызға дейін арзандады.

Мамандардың сөзіне қарағанда, коронавирустың таралуы әлемдік экономиканың қалыпқа келіп, әрі қарай дамуына қауіп төндіріп тұр. Салдарынан қазір мұнайға сұраныс жоқ дейді сарапшылар.

Комментарий