Жаңалықтар | НовостиСудья мінбері | Судебная система

Қазіргі заманғы электрондық технологиялардың сот жүйесін дамытуға үлкен үлес қосуда

Мемлекет басшысының республика  судьяларының  жетінші съезінде берген тапсырмаларының қазіргі уақытта барлығы орындалды деп айтуға болды. Оның бірі азаматтардың сот төрелігіне кеңінен қол жеткізуін қамтамасыз ету, сот жүйесінің жұмысына қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды кеңінен енгізу мәселелері.

Ақпараттық технологиялардың қарыштап дамуы және осыған байланысты қоғам сұранысының артуы оларды сот жүйесінің қызметінде пайдалануды ұдайы жетілдіруді қажет етеді.

Жоғарғы Сот 2014 жылы іске қосқан «Сот кабинеті» сервисі электрондық өзара  іс-қимыларқылы сот ісін  жүргізуді жеңілдетуге, сондай-ақ сот жүйесінің анықтығын, қолжетімділігін қамтамасызетуге және жедел жұмыс істеуіне бағытталған.

«Сот кабинеті» азаматтарға сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы талап-арыздарды (арыздарды), апелляциялық шағымдарды, өтінішхаттарды электрондық құжат нұсқасында беруге, мемлекеттік  бажды интернет арқылы немесе пайдаланушы үшін қолайлы  басқа орындар  арқылы онлайн режиміндетөлеугемүмкіндік  береді.

 2020 жылдың басынан қазіргі уақытқа дейін Алматы қаласы Бостандық  аудандық сотына сот кабинеті арқылы  электронды түрде 21955  кіріс құжаттары түскен, оның  6176 талап арыздар, арыздар,  шағымдар  т.б келіп түскен.  Бұл көрсеткіш жыл сайын артуда.

«Сот кабинеті» 2016 жылдан бері пайдаланушыларға жетілдірілген түрде қызмет көрсете бастады. Оның құрылымы да өзгерді.

Жаңарған сервис әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы ісбойынша ісжүргізуді жүзеге асыратын органның (лауазымды адамның) іс-әрекеттеріне шағым (ӘҚБтК-нің 44-тарауына сәйкес); әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы іс бойынша заңды күшіне енбеген қаулыларды қайта қарау туралы шағым (ӘҚБтК-нің 45-тарауына сәйкес); талап-арыздар мен шағымдар бойынша хабарламалар, сондай-ақ «Талдау» форумы сияқты қосымша бөлімдерді қамтиды.

Сонымен пайдаланушыларға хабарламаларды жіберу қызметі іске қосылды. Ол шығарылған сот актісі бойынша хабарлама жібереді әрі  сол сот актісін PDF форматында көру үшін сілтеме жасайды. Сонымен қатар, хабарлама  арқылы «Істерді қарау барысы» бөліміне ауысуға  мүмкіндік бар. Осының нәтижесінде іс бойынша шығарылған барлық сот актілерін көруге әрі жазып алуға болады.

«Сот кабинеті» сервисінде іске қосылған «Талдау» форумы туралы ерекше айтқым келеді. Ол Істер санаттарының бірыңғай жіктегішін, материалдарды, сот практикасының қорытуларын және Сот актілері дерекқорын,

Жоғарғы Соттың нормативтік қаулыларын пайдаланудың негізінде құрылды. «Сот кабинеті» бірыңғай сот практикасын қалыптастыруға мүмкіндік  береді. «Сот кабинеті» сервисін  пайдаланушылар оның  мүмкіндіктерін, яғни оны тұрғындардың кеңінен  пайдаланатынын, осы сервистің  адвокаттардың, судьялардың және соттар мамандарының тиімді жұмыс істеуіне, азаматтардың құқықтық мәдениетінің артуына, азаматтардың өздерінің конституциялық құқықтарын қорғауына оң ықпал етіпотырғанынатапкөрсетуде.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта еліміздегі індетке байланысты  барлық  сот отырыстары онлайн түрінде, яғни электрондық технологияларды пайдалана отырып мобильді телефон қосымшалары арқылы өткізілуде. Бұл  біріншеден тараптардың  уақытан, екіншіден сот отырысына келу үшін жұмсалатын қаражатты үнемдейді.

Қазіргі заманғы электрондық технологияларды сот жүйесіне енгізу азаматтардың сот төрелігіне қол жеткізу деңгейін арттыруға, құқықтық қоғамның барлық мүшелеріне және бұқаралық ақпарат құралдарына соттардың қызметі туралы жедел ақпарат алуға мүмкіндік берді.

Алматы қаласы Бостандық аудандық соты  кеңсе меңгерушісі м.а.

Майрихов Руслан

Комментарий