Жаңалықтар | НовостиСудья мінбері | Судебная система

Тараптар партисипативтік келісімге келді

Дауласқанды татуластырып, ренжіскенді жарастырғанның сауабы мол. Әсіресе бүгінгідей кез келген түсінбеушілік, дау-дамай сот арқылы шешіліп жатқан уақытта тараптарды келісімге келтіргеннің пайдасы ұшан-теңіз. Сөзіне ұйытып, уәжіне сеніру арқылы қос тараптың бір-біріне деген жылы қарым-қатынасын сақтап, уақыты мен қаржысын үнемеуге септігін тигізетінін білген азаматтардың бәрі бейбіт делдал болуыға тырысары анық. Шынында да соңғы уақытта судья-медатор, медиаторлар, ауыл ақсақаларынан бөлек, бұл іске адвокаттар да белсене араласуда. Жақында Алматы қаласы Медеу аудандық сотында тараптар өз қорғаушыларының көмегімен бейбіт келісімге келді.

Жәбірленуші А.Д. сотқа берген талап арызында Е.Т деген азаматтан 70 мың АҚШ доллары көлеміндегі қарызын қайтарып беруді сұраған. Іс барысына екі тараптың қорғаушылары партисипативтік келісім жасауға ниет екендерін білдірдіп сотқа жазбаша өтініш жасады. Осыған орай тараптарға бұл ерікті келісім екені, мұнда барлық жағдай құпия сақталатыны ескертілді. Екі тарап та бейбіт келісімге барлық мәселені сараптап, заң талаптарын ескеріп, саналы түре барғандарын құптады. Қорғаушыларың көмегімен жасалған партисипативтік келісімге сәйкес, қарыз алған азамат 70 мың АҚШ долларын жәбірленушіге бір жыл ішінде қайтаруы тиіс. Соған орай екі жақтың өзара келісуімен қарыз графигі жасалып, берешегі бар адам әр айдың 10-ынан дейін белгіленген соманы қарыз иесіне қайтару туралы міндеттеме алды.

Азаматтық істі партисипативтік рәсімді бітірудің тәртібі мен істі сот өндірісінен қысқарту тәртібі Азаматтық процестік кодекстің 48, 170, 172, 181, 182, 278 баптарында қарастырылған. Оның реті мен талапты орынамауың салдары екі жаққа жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар, іс татуластыру тәртібінде шешілген соң, арыз беруші А.-ның мемлекеттік алым ретінде төлеген 288 мың теңгесі өзіне қайтарылды. Осылайша тараптар партисипативтік келісімге келу қаржылық жақтан да тиімді екеніне көз жеткізді.

Жалпы, адвокаттарың қорғауындағы азаматтың ісіне қарай қадам жасап, татуластыруға тырысуы құптарлық. Өйткені, дау қуғаннан бітімге келгеннің уақыт, қаржы жағынан пайдасы орасан.

С.Н.Баймакулова,

Алматы қаласы Медеу аудандық сотының судьясы

Комментарий