Жаңалықтар | Новости

Үндістанда коронавирус жұқтырғандар саны 6 миллионнан асты

Үндістанда коронавирус жұқтырғандар саны алты миллионнан асып кетті, – деп хабарлайды РИА Новости.

Осылайша Үндістан коронавирус жұқтырғандар саны бойынша әлемде 2-орында тұр. Науқастар саны көп елдердің тізімінде АҚШ көш бастап тұр, онда науқастардың саны 7,1 миллионға жетті.

Үндістанның Денсаулық сақтау және отбасылық әл-ауқат министрлігінің мәліметінше, бір тәулікте 74 мыңнан аса науқас емделіп шыққан. Соңғы мәліметтер бойынша, елде коронавирустан айыққандар саны 5 миллион адамнан асты.

Ал ауруханаларда 962 мыңнан аса науқас емделіп жатыр екен.

Комментарий