Жаңалықтар | Новости

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі  “Қазгидромет” өкілдеріне сілтеме жасап.

“Қазақстан аумағының басым бөлігінің ауа райын солтүстік-батыс антициклон анықтайды. Оның келуімен ауа райы жауын-шашынсыз болады. Тек еліміздің солтүстік-шығыс бөлігіне ғана циклон жырасы әсер етеді, осыған байланысты кей жерлерде жауын-шашын болады. Республика бойынша кей жерлерде тұман, желдің күшеюі күтіледі, қиыр оңтүстікте кезең соңында үсік жүруі мүмкін”, – дейді синоптиктер.

Комментарий