Жаңалықтар | Новости

Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамаларды алу

Парақшамыздың #oqy&toqy айдарында бүгін біз АХАТ бөлімі арқылы алынатын негізгі куәліктердің қайталама баламасын немесе құжат туралы анықтамаларды электронды форматта алу жолы жайлы айтып береміз.

Ондай болса:

  • Egov.kz порталына кіріңіз;
  • Іздеу жолында «Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру» деген қызмет атауын теріңіз;
  • Қызмет парақшасынан онлайн алуға болатын куәліктер тізімінен қажеттісін таңдаңыз;
  • Куәлік атауын басу арқылы қызмет алу парақшасына өтіңіз;
  • Портал талап еткен барлық мәліметтерді толтыру арқылы қызметке онлайн тапсырыс беріңіз;

Қандай куәліктердің қайталама баламасын немесе анықтамасын онлайн алуға болады?

  • Некеге тұру туралы куәліктің;
  • Некені бұзу туралы куәліктің;
  • Туу туралы куәліктің;
  • Атын, тегін, әкесінің атын өзгерту туралы куәліктің;
  • Әкелік құқықты бекіту туралы куәліктің;
  • Ұлды/қызды асырап алу туралы куәліктің:

Қызмет көрсету құны:

  • Қайталама куәліктер үшін – 1 АЕК
  • Анықтама үшін – 0,3 АЕК

Комментарий