Жаңалықтар | Новости

Қытай халқы COVID-19-ға қарсы жаппай екпе алып жатыр

Қытайда он мыңдаған адам эксперименталды түрде коронавирусқа қарсы вакцина егілді, деп хабарлайды zakon.kz New York Post басылымына сілтеме жасап.

Алайда вакцинаның қауіпсіздігі мен тиімділігі әлі дәлелденбеген. Қытайлықтар бұл вакцинаны шілде айында ала бастады.

Қытайдың Ұлттық денсаулық сақтау комиссиясының мүшесі Чжэн Чжунвэй ҚХР оны қолданар алдында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының рұқсатын алғанын айтты. Кейбір жоғары тәуекелді кәсіптердегі адамдар, мысалы, алдыңғы қатардағы медициналық қызметкерлер вакцинаны 22 шілдеден бастап ала алады, – деді ол.

Чжэн Чжунвэй клиникалық сынақтар кезінде вакцинаның қиын жанама әсерлері болған жоқ деп сендіреді.

Өз кезегінде, ДДҰ бұл арада жауапкершіліктен жалтарып, былай деп мәлімдеме жасады: “Қытай “өз елінде вакцинаны эстремальды түрде пайдалануға іштей рұқсат берілгенін хабарлады және ол сол елдің қалауы бойынша қабылданады, яғни біздің ұйымның мақұлдауына бұл жатпайды”.

Комментарий