Жаңалықтар | Новости

Өткен тәулікте Қазақстанда қанша адамнан пневмония анықталды?

Өткен тәулікте Қазақстанда 38 адамнан пневмония анықталды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

“Өткен тәулікте коронавирус инфекциясы белгілері бар пневмонияның 38 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 21 адам емделіп шықты. 1 тамыздан барлығы: ауырғандар – 32 490, 350 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 27 057-ге жетті”, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 107 775-ке жетті.

Комментарий