Жаңалықтар | Новости

Әзербайжанда соғыс жағдайы енгізілді

Әзербайжан парламенті Таулы Қарабақтағы жағдайдың ушығуына байланысты бірнеше қала мен ауданда соғыс жағдайын енгізу туралы шешім шығарды, – деп хабарлайды РИА Новости.

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев республиканың бірнеше қаласы мен ауданында соғыс жағдайын енгізуді бекітті, елде дүйсенбіден бастап комендант сағаты енгізіледі. Бұл туралы президенттің көмекшісі Хикмет Гаджиев мәлімдеді.

“Әзербайжан президентінің жарлығына сәйкес соғыс жағдайы енгізіледі. Президент парламент шешімін бекітті”, – деді Гаджиев журналистерге.

Еске салайық, 27 қыркүйек күні таңертең Армения мен Әзербайжан арасындағы қақтығыс шиеленісті. Таулы Қарабақта соғыс жағдайы енгізілді. Армения да Қарабақтағы оқиғаларға байланысты соғыс жағдайы мен жалпы мобилизация жариялады.

Комментарий