Жаңалықтар | Новости

Нұр-Сұлтанда демалыс күндері қоғамдық көлік жүре ме?

Елордада дезинфекциялық жұмыстарға байланысты қоғамдық көлік қозғалысы 27 қыркүйекте тоқтатылады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігіне сілтеме жасап.

“Жексенбі, 27 қыркүйекте Нұр-Сұлтанда қоғамдық көліктердің қозғалысы бір күнге уақытша тоқтатылады. Бұл дезинфекция жұмыстарына байланысты. Дүйсенбі күннен бастап, 28 қыркүйекте қалалық және қала маңына қатынайтын автобустар қайтадан линияға шығады. Сенбі күні қоғамдық көлік қалыпты жұмыс істейді”, – делінген әкімдіктің хабарламасында.

Комментарий