Аймақтар | РегионыЖаңалықтар | Новости

Алматы облысында Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды

Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын тойлау — Абайды тану. Бүгінде  айтулы датаға орай әлем және ел көлемінде түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, өтіп жатыр. Осыған орай, Zanmedia порталы Алматы облысында қыркүйек айында Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай атқарылған іс-шараларды жинақтап шықты. 

2 қыркүйек күніКербұлақ аудандық кітапханасында біліктілігі жоғары деңгейлі маман – дінтанушы Руслан Байжанмен  «Абай – адамзаттың мәңгілік рухы» атты тақырыбында онлайн сұхбат өтті.

9 қыркүйек күні – Қапшағай қаласы, Шеңгелді ауылдық кітапхана ұжымы «Адамзаттың шамшырағы – Абай» тақырыбында медиа слайд ұйымдастырды. Шара барысында Абайдың туғанынан бастап, ақындық жолы, отбасы мен өмір жолы жайлы  деректер көрсетілді. Медиа слайд ақынның «Көзімнің қарасы» әнімен сүйемелденді.  

Ал Кеген ауданы, Тұйық ауылдық  кітапханасында «Мен таныған Абай» танымдық сағаты, Саты ауылдық  кітапханасында «Ұлы халықтың –Ұлы Абайы» видео-слайд көрсетілді.

Панфилов аудандық кітапханасында «Абайды оқы- таңырқа» атты Панфилов ауданы әкімінің аппараты, ұйымдастыру бөлімінің бас маманы, ақын Исахан Еркін Ғапуұлымен онлайн кездесу өтті.

23-қыркүйек Жаркент қалалық кітапханасының кітапханашылары «Әлем таныған Абай» әдеби жыр кешін тұрақты оқырмандармен өтті.

Райымбек ауданы, Сарыжаз ауылдық кітапханасында «Абай даналығы»  атты  видеошолу ұйымдастырылды. Абай Құнанбайұлының 33 қарасөзін  желі қолданушылары назарына ұсынды.

Ал Қайнар ауылдық кітапханасында желі оқырмандарымен  «Абай Құнанабаевтың өмірі мен шығармашылығы»  атты тақырыпта библиографиялық шолу өтті.

Одан өзге, Райымбек ауданы, Сарыжаз ауылдық кітапханасында «Абай даналығы»  атты  видеошолу ұйымдастырылды. Абай Құнанбайұлының 33 қарасөзін  желі қолданушылары назарына ұсынды.  Ал Іле аудандық кітапханасында «Абай жолын Моңғолияда танытқан қаламгер» атты көпшілік оқырмандар арасында ақпарат сағаты өтті. Қаламгер Жәмлиқа Шалұлы 1978 жылы заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясының  бірінші, екінші томын моңғол жазушылармен бірлесіп шығарады. Содан кейін үшінші, төртінші томын өзінің жеке аударуында тәржімалап, барлығы 4000 данамен жарық көреді. Сонымен қатар, 1983 жылы «Тарту» деген атпен қазақстандық елу ақынның антологиясын құрастырып, моңғол тіліне тәржімалайды.

Сонымен қатар, Сарқан аудандық кітапханасында «Абай жолы- халық жолы, Халық жолы-Абай жолы» библиогид ұйымдастырылды. Ал 24 қыркүйек күні Еңбекшіқазақ ауданы, Түрген ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен  «Абай жолы – қазақтың алтын діңгегі»  атты танымдық сағаты желі оқырмандар назарына ұсынды. Одан бөлек, Ескелді ауданы, Жалғызағаш ауылдық кітапханасы «Жүрегімнің түбіне терең бойла» атты буктрейлерді әлеуметтік желі оқырмандарына ұсынды.

Ақбота Ерболқызы

Комментарий