Судья мінбері | Судебная система

Мемлекеттік тілді білмеу судьяларға үлкен сын

Жасыратыны жоқ, биліктің бір тармағының өкілі болып табылатын кейбір судья мемлекеттік тілде жазу былай тұрсын, ауызекі сөйлей де алмайды. Сөйте тұра, мемлекет атынан үкім, шешім шыға­рады. Кейбір сот төрағалары да осындай кемшілікпен сот басқарып отыр.

Осылайша, Елбасының тіл ту­ралы талабы орындалмай жатыр. Мысалы, бүгінгі күні Астана қалалық сотының 42 судьясының 12­-сі мемлекеттік тілде сөйлеп, сот актілерін жаза алады, ал аудандық және оған теңестірілген соттардың 112 судьясының 49­-ы оны меңгермеген. Бәрімізге белгілі, 20 жыл бойы мемлекеттен қаржы бөлініп, оқыту курстары ұйымдастырылды. Алайда, жағымды қорытынды әлі шығар емес.

Менің ұсынарым, мемлекеттік тілді меңгермеген судьяларға белгілі бір мерзім беріп, тілді өз қара­ жатына меңгеруді міндеттеу керек. Берілген мерзім ішінде тілді меңгермесе, судья лауазымына лайық емес деп табу қажет, дейді Астана қалалық сотының төрағасы Тілектес Бəрпібаев. Шіркін-ай, өз ойын осылай бүкпесіз, тура айтатын, сол бағытта жұмыс істейтін Бəрпібаевтар көп болса ғой…

“ЗАҢ ГАЗЕТІ “

Комментарий