Елең еткізер | АктуальноЖаңалықтар | Новости

Украинада коронавирустың екінші толқыны басталды

Украина президенті Владимир Зеленский елде коронавирустың екінші толқыны басталғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды “Лига.Новости”.

Владимир Зеленский қазір Украинада байқалған науқастардың өсу қарқыны коронавирустың екінші толқынын көрсетеді деп санайды.

Президент індеттің алғашқы толқыны кезінде көктемде елде тәулігіне 100-ден 300-ге дейін жағдай тіркелгенін атап өтті. Ал қазір күніне 3000-нан аса жағдай тіркеледі екен.

Сондықтан Зеленский шетелдіктерге кіруге тыйым салу туралы шешім дұрыс деп санайтынын жеткізді.

Комментарий