Жаңалықтар | Новости

Алматыдағы автобус паркі ірі көлемде ақша ұрлау фактісі бойынша күдікке ілінді

Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеулер департаменті бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды zakon.kz.

Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті 2020 жылдың 5 маусымда “АлматыЭлектротранс” ЖШС (тапсырыс беруші) және “АлматыАвтоСервисПлюс” ЖШС (мердігер) басшыларына қатысты техникалық қызмет көрсету кезінде 3,8 млн теңге сомасындағы бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 1-тармағының 189-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады, – деп хабарлады журналистердің сауалына берген жауабында ОКҚ-нің баспасөз қызметі.

Қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттері жүргізілуде, бірқатар зерттеулер тағайындалды. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпараттар жария етуге жатпайды.

Комментарий