Жаңалықтар | Новости

Шетелдік әуе компанияларына талап өзгереді

Қазақстанның әуе тасымалдаушылары тізіміндегі шетелдік компаниялар біздің елдің аумағында да жолаушы не жүк тасымалымен айналысуы керек. Қағидаға осындай өзгеріс енгізілмек. Бұл туралы Қазақстан авиациялық әкімшілігінің бас директоры Питер Гриффитс хабарлады, – nege.kz.

Оның айтуынша, осылайша мемлекеттің мүддесі қорғалады. Қазірдің өзінде талапты бұзған үш шетелдік компания тізімнен алынды. БҰҰ оларға қарсы тергеу жүргізіп, санкцияларды бұзғанын анықтаған. Авиациялық әкімшілік басшысының айтуынша, бұл әуе компаниялары Қазақстанға тиесілі емес. Дегенмен, Sigma Airlines-тің президенті отандасымыз екен. Ал БҰҰ қолданған шаралар тікелей осы азаматтарға қолданылып отыр. Соңғы екі жылда аталған әуе компаниясы Ливанға 286 рет ұшыпты. Бірақ БАӘ, Иордания елдерінен аттанған. Яғни Қазақстаннан емес. Питер Гриффитс, Қазақстан авиациялық әкімшілігінің бас директоры:

– Шетелдік әуе компаниялары өздеріне тиімді болғасын Қазақстанның туын пайдаланды. Бірақ біздің мемлекет мұны қолдаған емес. Еуроодақпен бірге Sigma Airlines әуе компаниясына қарсы шаралар қолға алдық. Бүгінде бұл компания Еуропа ішінде қызмет көрсете алмайды. БҰҰ-мен бірге тергеу жұмыстарын жалғастыра береміз. Тасымалдаушылардан сертификатты алуға 3-6 ай кетеді.

Комментарий