Жаңалықтар | Новости

Шетелдік әуе компаниялары неге Қазақстан туын қолданған?

Авиация әкімшілігінің басшысы Питер Гриффитс Ливияға қару-жарақ тасымалдады деп айыпталып жатқан шетелдік әуе компаниялары неге Қазақстан туын қолдану құқығын алғанын түсіндірді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

“Шетелдік авиакомпаниялардың Қазақстан туын тағуға қандай құқығы болды? Ал егер авиакомпаниялар қазақстандық болмаса, БҰҰ біздің әкімшілікке неге жүгінеді?” – деп сұрады журналист брифингте.

“Өкінішке қарай, бұл Азаматтық авиация комитеті осы ұйымға жауапты болған кезеңде шешілген тарихи қалыптасқан мәселе. Бұған белгілі бір шетелдік ұйымдарға Қазақстанда тіркеліп, ұшуға мүмкіндік берілген. Қазір біз бұл ережені барлық халықаралық стандарттарға сай болу үшін қайта қарап жатырмыз. Ұйымдар қазақстандық реттеушінің тізіліміне тіркелгісі келген жағдайда, оларға міндетті талап қойылады – Қазақстан аумағында белгілі бір рейстер орындау. Осылайша біз Қазақстанның мүдделерін қорғай аламыз”, – деді Гриффитс.

Оның айтуынша, Ливияға қару-жарақ пен ақшаны заңсыз тасымалдады деп айыпталған авиакомпаниялар – Azee Air, Sigma Airlines, Jenis Air – осы тізімнен шығарылған.

Комментарий