Жаңалықтар | Новости

2020 жылы Нобель сыйлығы онлайн форматта табысталады

Әлемдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты 2020 жылы Нобель сыйлығын табыстау рәсімі онлайн-форматта өтеді. Бұл туралы Newsroom+Ақпарат агенттігі ҚазАқпарат порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Жоспар бойынша, Нобель сыйлығы лауреаттарының есімдері 5-12 қазан аралығында жарияланады. Салтанатты рәсім Стокгольм мэриясынан трансляцияланбақ, оған түрлі елдер қосылады. Бұған дейін іс-шара Стокгольм филармониясында өтетін.

Марапаттар жеңімпаздарға елшілік пен университет өкілдері арқылы табысталады.

Комментарий