Жаңалықтар | Новости

Құс тұмауы: қазақстандық шаруаларға шамамен 400 миллион теңге өтемақы төленеді

Құстары қырылған фермерлерге 390 миллион теңге өтемақы төленеді. Бұл туралы ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

“Республикалық эпизоотияға қарсы отряд қырылған құстарға байланысты өтемақы төлеуді жүзеге асыратын ресми ұйым болып саналады. Жыл бойы барлық әкімдікте арнайы құрылған комиссия жұмыс істейді. Олар өлген малдың немесе құстың нарықтағы орташа бағасын анықтайды”, – деді вице-министр ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, әкімдіктердің шешімі негізінде республикалық эпизоотиялық отряд өңірдің ветеринариялық қызметінен барлық қажетті материалды қабылдайды. Құс етінің нарықтағы орташа бағасын ескеріледі. Осының негізінде құсы өлген әрбір тұрғының жеке шотына төлем жасалынады.

“Егер құжаттар дұрыс толтырылса, онда төлем 3 күннің ішінде түседі. Бүгінгі таңда республикалық эпизоотияға қарсы жасақта шамамен 390 миллион теңге бар. Бұл ақща қырылған құстардың иелеріне өтемақы ретінде төленеді”, – деді вице-министр.

Комментарий