Жаңалықтар | Новости

Министрлік өкілі құс тұмауының қалай тарағанын айтты

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева елімізде құс тұмауының қалай пайда болғанын түсіндірді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, 4 тамызда ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті Ресеймен шекаралас аудандардан құс еті мен өнімдерін әкелуге тыйым салынғанын атап өтіп, аурудың қалай пайда болғанына тоқталды.

“Құстардың қырылуы жабайы құстармен байланысты болып тұр. Қазіргі таңда жабайы құстар солтүстіктен оңтүстікке ұшып бара жатыр. Бұл құстар су қоймаларында болған. Оны үй құстары пайдаланып, ауру жұқтырған. Зертханалық жұмыстар жүргізілген соң, “құс тұмауы” деген нақты диагноз қойылды. Тиісті шаралар жүргізілді”, – деді ол өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, вице-министр арнайы вакцина бөлінгенін атап өтті.

“Республикалық қордан 1,4 милллион доза көлемінде вакцина бөлінді. Бұл 1,7 миллион құсқа вакцина салуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ертең қосымша 1 миллион вакцина жеткізіледі. Ол 3,5 миллион құсқа екпе жасауға мүмкіндік береді”, – деді Гүлмира Исаева.

Комментарий