Жаңалықтар | Новости

Елімізде қандай қылмыс жиі жасалады?

Ішкі істер министрлдігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз елімізде ұрлық қылмысы жиі жасалатынын айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

“Өткен аптада 3 434 қылмыс пен құқықбұзушылық тіркелді. Кезекші тәртіп сақшылары 2 229 істі ашты. Ұрлық жиі тіркелетін қылмыс болып отыр. Өткен аптада Қазақстан бойынша 1 316 ұрлық дерегі тіркеліп отыр. Оның ішінде 568 іс ашылды”, – деді министрлікте өткен брифингте.

Комментарий