Жаңалықтар | Новости

Өзбекстанның вице-премьері коронавирустан қайтыс болды

Өзбекстанның вице-премьері Уктам Барноев жексенбіде коронавирустан қайтыс болды, – деп хабарлайды РИА Новости.

Еске салайық, коронавирус Өзбекстанда алғаш рет наурызда анықталған болатын. Ал жексенбіде науқастардың саны 51 235-ке жетті. Коронавирустан барлығы 429 науқас қайтыс болды.

Тамыз айында жаңа жағдайлардың саны күніне 600-700-ден 200-300-ге дейін азайды. Алайда қыркүйек айында динамика қайтадан өсті.

“Уктам Исаевич Барноев бүгін 56 жасында коронавирус тудырған асқынулардан қайтыс болды”, – деді елдің министрлер еабинеті жанындағы оперштаб өкілі.

Барноев осы жылдың ақпан айында Өзбекстандағы аграрлық және азық-түлік секторларын басқаратын вице-премьер лауазымына тағайындалған еді. Бұған дейін ол Республиканың Бұхара облысын басқарған болатын.

Комментарий