Жаңалықтар | Новости

Қазақстандықтарға Ресейге кіруге рұқсат етілді

Ресей үкіметі Қазақстан азаматтары және Қазақстанда тұруға ықтиярхаты бар азаматтарға Ресейге кіруге рұқсат етті, – деп хабарлайды РИА Новости.

Ресей министрлер кабинетінің баспасөз қызметіндегілердің мәліметінше, елдер арасында рейс аптасына бір рет болады. Қазақстанмен (Нұр-Сұлтан), Қырғызстанмен (Бішкек) және Беларусьпен (Минск) әуе қатынасы 21 қыркүйекте, ал Оңтүстік Кореямен (Сеул) 27 қыркүйекте ашылады.

“Тағы төрт елдің – Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Корея азаматтары үшін коронавирус таралуына байланысты Ресейге кіруге қойылған шектеулер алып тасталды. Бұл туралы үкіметтің қаулысы шықты”, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ Қазақстан ҰҚК қызметкерлері тек әуе қатынасы ашылатынын атап өтті.

Комментарий