Жаңалықтар | Новости

Өткен тәулікте Қазақстанда қанша адамнан пневмония анықталды?

Қазақстанда тағы 62 адамнан пневмония анықталды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Сондай-ақ, 5 адамның пневмония мен коронавирустан қайтыс болғаны айтылады. Төрт науқас коронавирустан және бір науқас пневмониядан қайтыс болған.

“Өткен тәулікте коронавирус инфекциясы белгілері бар пневмонияның 62 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 40 адам емделіп шықты. 1 тамыздан барлығы: ауырғандар – 31148, 344 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандар саны 26 709-ға жетті”, – делінген хабарламада.

Комментарий