Бас тақырып | Тема дняЖаңалықтар | Новости

Ұшақ бортында қандай орындар қауіпсіз?

Ұшақта орынды дұрыс таңдау арқылы апат болған жағдайда аман қалуға мүмкіндігіңізді арттыра аласыз.

Cтатистикалық мәліметтерге сүйенсек, ұшақ әлемдегі ең қауіпсіз көлік құралдарына жатқызылады. Алайда, әдетте ұшақ апатынан жолаушылардың аман қалуы екіталай. Дегенмен ұшақта орынды дұрыс таңдау арқылы апат болған жағдайда аман қалуға мүмкіндігіңізді арттыра аласыз.

Бұл туралы Zanmedia порталы Segodnya.ua-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Мамандар көп жағдайда әуе апаты болған кезде ұшақтың құйрығы сау қалатынын мәлімдейді. Бұл сәйкесінше, лайнердің артқы жағында отырғандардың апат кезінде аман қалуға мүмкіндігі артады деген сөз. Ұшақтың бұл бөлігінде жанармай болмайды, сондай-ақ шығатын есіктер де жақын орналасқан.

Егер әуе апаттарының суреттеріне мән берсек, қирандылар арасында ұшақтың құйрығы сау, кейде тіпті, зақымдалмаған күйде қалатынын жиі байқауға болады. Себебі, көп жағдайда ұшақ құлаған кезде оның құйрығы жерге соңғы болып тиеді.

Сонымен қатар, ұшақтың көлеміне де мән беру қажет. Мамандардың айтуынша, әуе кемесі неғұрлым үлкен болса, соғұрлым қауіпсіз болатын көрінеді.

Бұған қоса, апаттық шығу есіктеріне жақын отырған жолаушылардың ұшақтан бірінші болып шығатынын ескерген жөн.

Ұшақтағы неғұрлым қауіпсіз орындарды білу үшін, төмендегі сызбаға назар аударуды ұсынамыз.

Скриншот: turotvet.com

Скриншот: turotvet.com

Айта кетейік, әуе кемелерінің бортында төтенше жағдайларда не істеу керектігі жазылған нақты нұсқаулар бар. Сол нұсқауларды орындау өміріңізді аман алып қалуға септігін тигізеді.

Комментарий