Жаңалықтар | Новости

Қазақстанда 36 бала Кавасаки синдромына шалдықты

Елімізде 35 бала Кавасаки синдромына шалдыққан. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов айтты, – деп жазады nege.kz.

 «Кавасакиге ұқсас синдроммен ауырған балалардың саны Қазақстан бойынша – 35. Ал, соңғы 7 күннің ішінде бірде-бірде бір балада Кавасаки синдромы анықталған жоқ. 35 баланың 31-і аман-есен емделіп, үйлеріне қайтты. Қалған 4 бала қазіргі уақытта ем алып жатыр», – деді ресми өкіл Орталық коммуникациялар қызметідегі баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, емделіп шыққан 31 бала учаскелік дәрігерлердің бақылауына алынған. «Олардың әрқайсысын учаскелік дәрігерлер қадағалап, денсаулығын бақылауда ұстап отыр», – деді Бағдат Қожахметов.

Комментарий