Жаңалықтар | Новости

Ең пайдалы әрі арзан жеті өнім аталды

Диетолог Кристина Андерссон ең пайдалы әрі арзан жеті өнімді атады, – деп хабарлайды РИА Новости.

Дәрігер бірінші кезекте тағамға пияз қосу керегін айтады. Пиязда ағзаға қажет дәрумендер бар дейді. Әсіресе қызыл пиязда антиоксиданттар көп екен.

Сондай-ақ, диетолог ағзаны қатерлі ісіктен қорғайды деп орамжапырақты жеуге кеңес береді. Ал асқазан жүйесі ауыратындарға дәрігер орамжапырақты шикі түрде жемеу керегін айтады.

Ал картоп, дәрігердің айтуынша, бұл өнім диеталық тағам түрлерін тұтынатындарға жақсы. Сәбіз пен қызылша да минералдарға бай дейді.

Комментарий